Қоғам • 26 Сәуір, 2020

«Біз біргеміз»: Қапшағайлықтарға 12 тонна азық-түлік берілді

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Біз біргеміз» акциясына қазақстандықтар көптеп қосылып жатыр.

«Біз біргеміз»: Қапшағайлықтарға 12 тонна азық-түлік берілді

Қапшағай қаласының кәсіпкерлері мен ірі кәсіпорындарының ұжымдары карантин кезінде қаланың аз қамтылған және көп балалы отбасыларына қолдау көрсетіп жатыр. Халық бастамалары аясында 330 отбасыға көмек көрсетіледі.

«Біз біргеміз» акциясын ұйымдастырушылардың есебіне сәйкес, карантин режимі енгізілген сәттен бастап қапшағайлықтарға 12 тонна азық-түлік берілген.  

Ал Қызылордада белгілі спортшылар — Илья Ильин, Мақсат Исағабылов пен Қамшыбек Қоңқабаев мұқтаж жандарға азық-түлік жеткізді. «Біз біргеміз» акциясы өңірде 8 мыңға жуық отбасыны қамтыды.

Жергілікті кәсіпкерлер мен депутаттар 80 млн-нан астам теңге қаржы салған қоғамдық қордан 6 мыңнан астам адамға 50 мың теңгеден берілді.