Қоғам • 26 Сәуір, 2020

Дипломатиялық қызмет ардагерлері ардақталды

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың #Бізбіргеміз бастамасы аясында Алматы қаласындағы Сыртқы істер министрлігінің өкілдігі «Қазақстандық дипломаттар бірлестігі» РҚБ қолдауымен «Ардагерлерге қамқорлық» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Дипломатиялық қызмет ардагерлері ардақталды

Алматыда тұратын ҚР дипломатиялық қызметінің 70-тен астам ардагері, олардың ішінде мемлекет және қоғам қайраткерлері, бұрынғы министрлер, Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшілері, зейнеткерлік және егде жасқа жеткен барлық санаттағы қызметкерлер өкілдеріне көп рет қолданылатын қорғаныс маскалар табысталды.

Дипломатиялық қызмет ардагерлері өз кезегінде COVID-19 коронавирус індеті кезеңінде оларға қолдау көрсетіп, қамқорлық көрсеткен кезінде өздері қызмет еткен ведомствосына шынайы алғысын білдірді.