Аймақтар • 26 Сәуір, 2020

Ертең Семей әуежайына Атырау қаласынан арнайы рейс келеді

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

27 сәуірде Семей әуежайына Атырау қаласынан арнайы рейс келеді деп күтілуде. Бортта Tengizchevroil компаниясында жұмыс істейтін Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының тұрғындары. Бұл туралы өңір басшысы Даниал Ахметов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Ертең Семей әуежайына Атырау қаласынан арнайы рейс келеді

«Айта кетейін, олардың барлығы коронавирус инфекциясына тестілеу мен тиісті тексерулерден өтті. Жалпы саны 149 адам. Сонымен қатар, осы күні өңірге Ресейден арнайы автобус ат басын тірейді. Барнауыл арқылы медициналық тексеруден өткен 108 қазақстандық елге қайтып оралады. Біздің тарапымыздан азаматтарды қабылдау кезінде санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің барлық шаралары қамтамасыз етілетін болады. Келгендер анықтамалардың болуына қарамастан медициналық тексеруден, ПТР әдісімен COVID-19 тестілеуінен өтеді» деп жазды өңір басшысы.

Барлығы уақытша карантиндік стационарларға орналастырылады. Ол жерлерде полиция бекеттері орнатылып, тәулік бойы санитарлық-эпидемиологиялық және медицина қызметкерлерінің кезекшілігі қамтамасыз етілмек.

Талдау нәтижелерін алғаннан кейін және карантин мерзімі аяқталған соң жолаушылар тұрғылықты жері бойынша үй карантиніне жіберіледі.