Әлем • 26 Сәуір, 2020

Дүниежүзінде вирус жұқтырғандар саны 3 млн-ға жақындады

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Johns Hopkins University (JHU) ұсынған мәліметке сәйкес дүниежүзінде барлығы 2 912 421 адам COVID-19 вирусын жұқтырған. 

Дүниежүзінде вирус жұқтырғандар саны 3 млн-ға жақындады

Коронавриус ең көп тараған АҚШ-та науқастар саны 940 мыңға жуық.

Әлемнің сегіз елінде вирус жұқтырған адамдар саны індеттің ошағы болған Қытайдағы көрсеткіштен асып кетті. Еуропа елдерінен Испания, Италия, Франция, Германия, Ұлыбритания, одан бөлек Түркия  мен Ирандағы жағдай ауыр.

Соңғы аптада көршілес Ресейде де вирус жұқтырғандар саны көп, елде барлығы 80 мыңнан астам адам індет жұқтырды. 

Ал қайтыс болғандар саны бүгін 203 мыңнан асты. Қайтыс болған 54 мыңға жуық адам АҚШ тұрғыны.

Індеттен жазылған науқастар саны 827 299 адамға жетті. АҚШ пен Германияда жазылған науқастар 100 мыңнан асты.