Коронавирус • 26 Сәуір, 2020

Комиссия шешімі: Алматыдағы 97 жастағы қарияның өлімі коронавирустан болған жоқ

107 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жанындағы Коронавирусты жұқтырған науқастардың өлім жағдайын зерттеу жөніндегі комиссия 97 жастағы қарияның өлім себебінің коронавирус инфекциясына қатысы жоқ деген шешім қабылдады. 

Комиссия шешімі: Алматыдағы 97 жастағы қарияның өлімі коронавирустан болған жоқ

«Науқастың өлімі ми қан айналымының бұзылуынан туындаған қайтымсыз табиғи салдардан болған. Коронавирус инфекциясы басқа да бірқатар ауыр аурулар секілді ілеспелі болды. Осыған байланысты комиссия аталған өлім себебінің коронавирус инфекциясына қатысы жоқ деген шешім қабылдады» делінген Денсаулық сақтау министрлігі таратқан хабарламада. 

Бүгінде елімізде коронавирус инфекциясынан  25 адам көз жұмған.