Коронавирус • 26 Сәуір, 2020

Нұр-Сұлтанда тұрғын үй кешендерінің екі кіреберісі карантинге жабылды

105 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26 сәуірде Нұр-Сұлтанда Сәтбаев көшесі 20 мен Сарыарқа көшесі 43 мекен-жайында орналасқан тұрғын үй кешендерінің екі кіреберісі карантинге жабылды. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Нұр-Сұлтанда тұрғын үй кешендерінің екі кіреберісі карантинге жабылды

Дезинфекция жұмыстары жүріп жатыр. Осы екі кіреберістің тұрғындарына жақын маңдағы азық-түлік дүкендеріне шығуға ғана болады. Қалған жағдайларда үйден шығуға қатаң тыйым салынды. Дәрі-дәрмектерді тек тапсырыспен алуға болады.

Периметр бойынша қоршау белгілері орнатылды, полиция кезекшілік атқарып жатыр. 26 сәуірдегі деректерге сәйкес қала бойынша барлығы 24 тұрғын үй кешенінде 28 кіреберіс карантинге жабылды. Абылай хан-Рысқұлбеков — Мүсірепов – Мұстафин көшелерінің қиылысында орналасқан үйлер де карантинге қоршауға алынды.