Аймақтар • 26 Сәуір, 2020

Ерлік ешқашан ұмытылмайды

420 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетауда Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай 2 кітап жарық көрді.

Ерлік ешқашан ұмытылмайды

«Соғыс. Жеңіс. Естелік» және «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды» деп аталатын жинақтарға өңір мұрағаттарының мәліметтері ғана емес, сонымен қатар, бүгінге дейін белгісіз болып келген шетелдердегі деректер де қамтылған.  

Жаңа кітаптарды өңір мұрағатымен айналысатын мамандар екі жыл ішінде жинақтап шығарған. Жинақтарға  Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі мәліметтер, мұрағат құжаттары мен фотосуреттер, Кеңес Одағының батырлары туралы ақпараттар енгізіліп отыр.

– Бұл жинақтарды шығарудағы мақсатымыз – келешек ұрпақ ел қорғаған ата-бабаларының ерлігін ұмытпауы керек деген ой. Кітаптар әзірге  50 данадан ғана шығарылды,– дейді облыстық мемлекеттік мұрағатының бөлім жетекшісі Гүлім Рахымжанова.

Барлығы өңір мұрағаттары мен кітапханаларына таратылады. Жаңа кітаптардың электрондық нұсқалары да бір аптадан кейін ғаламтор беттерінде жарияланбақ. Оларды мемлекеттік мұрағат сайтынан, ютуб, фейсбук, инстаграм беттерінен оқып көруге болады.