Аймақтар • 26 Сәуір, 2020

Шығыс Қазақстан: Тұрғындар сұрақтарына тікелей эфирде жауап алды

704 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тұрғындар тарапынан 100 астам сұрақ келіп түсті.

Шығыс Қазақстан: Тұрғындар сұрақтарына тікелей эфирде жауап алды

«Nur Otan» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы өңір тұрғындарының сұрақтарына жауап беру үшін тікелей эфир ұйымдастырды. Партия филиалының фейсбук және инстаграмм әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында еліміздегі төтенше жағдайға байланысты  азаматтарға  мемлекет және облыс әкімдігі тарапынан көрсетіліп жатқан көмектер мен партияның «Біз біргеміз!» акциясы туралы ақпарат берілді.

Тікелей эфирді  200-ден астам адам көріп, тұрғындар тарапынан 100 астам сұрақ келіп түсті. Тұрғындардың өтініштері назарға алынып, басым көпшілігіне нақты  жауап берілді. Әсіресе, 42 500 теңгені алу, әлеуметтік көмектерге қатысты сұрақтар көп болды. Сонымен қатар «Birgemiz» қоғамдық қорынан берілетін 50 мың теңге көлеміндегі бір жолғы материалдық көмекке байланысты сұрақтар да көптеп  қойылды.

Тікелей эфир барысында «Nur Otan» партиясы  Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Олег Чугунков қойылған әр сауалға нақты жауап беріп, кейбір маңызды сұрақтарды өзінің жеке бақылауына алды.

Сұрақтардың басым бөлігі мемлекет тарапынан берілетін әлуеметтік көмектер, 42500 жәрдемақысы және 15000 коммуналдық төлем ақы, «Біз біргеміз!» акциясы аясындағы азық-түлік және 50 мың теңге материалдық көмектер туралы болды.

Жалпы  «Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз!» акциясы Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2115 отбасына азық-түлік жеткізген. Бұл ретте өңірдің кәсіпкерлері мен мәслихат депутаттары, ерікті жастар, аудан әкімдіктері, «жасотандықтар» және партия өкілдері айрықша белсенділік таныты.

Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қоры арқылы Шығыс Қазақстан облысының Өскемен және Семей қалаларының 12419 тұрғыны 50 мың теңгеден материалдық көмек алды.

«Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты партияның облыстық филиалы тұрғындардың арыз шағымдарын онлайн қабылдауда. 16 наурыздан 24 сәуір аралығында облыстық филиалдың қоғамдық қабылдау бөліміне 1104 өтініш түссе, 905  өтініш оң шешімін тапты. Қалған  100-ден астам өтініштер бойынша кеңестер берілді.  Алдағы уақытта да азаматтардың сұрақтарына жауап беру мақсатында әлеуметтік желілерде тікелей эфир ұйымдастырылатын болады. Тікелей эфир кезінде  Елена Арсен есімді желі қолданушысы өзінің «Birgemiz» қоғамдық қорынан 50 мың теңге көмек алғандығын айтып, алғысын білдірді» дейді филиалдың баспасөз хатшысы Тәттімбек Асхан.

ӨСКЕМЕН