Әлем • 26 Сәуір, 2020

Әлемде Чернобыль сияқты қауіпті аймақтар бар

660 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Припять өзенінің жағалауында  Чернобыль атом электр стансасынан 3 шақырым қашықтықта орналасқан Припять  қаласы әлемдегі ең қауіпті аймақтардың тізіміне енген. 1986 жылы 26 сәуірде Чернобыль атом стансасында болған жарылыстың салдарын жоюға қазақстандық сарбаздардың қатысқаны белгілі. Ал жарылыс салдарынан ауа радиобелсенді бөлшектермен ластанып, адам ағзасында қатерлі аурулардың өршуіне соқтырғаны бүгінде дәлелдеуді қажет етпейді.

Әлемде Чернобыль сияқты қауіпті аймақтар бар

Әлемдегі Чернобыль сияқты тағы бір қауіпті аймақ Тынық мұхитында орналасқан  Маршалл аралдары. Бұл аумақта 1946 жылдан 1960 жылға дейін Американың әскерилері ядролық қару сынағын жүргізген.  Бикини және Эниветок аралдарында 67 ядролық сынақ жүргізіліп, 800-ден астам жергілікті тұрғынның өміріне қауіп төндіретін радиоактивті бөлшектер қалдырған.  Бикини қатты зардап шеккен аумақ саналады. 1946 жылдың шілде айының басында бұл маңда бомба жарылған.  Бомба 73 ескірген әскери кемелердің үстіне тасталған. Ал жарылыстан кейін ауаға жергілікті тұрғындардың өміріне қауіп төндіретін радиоактивті бөлшектер тараған.

Бірақ жақын маңдағы аралдарға қоныстағандарға АҚШ билігі Бикини аймағы қауіпсіз деп сендірумен келеді. Алайда, салдарынан 840 жергілікті тұрғын қатерлі ісіктен көз жұмған.  Ал 7000-ы АҚШ-тағы әскери сынақтардың құрбаны ретінде тануды талап еткен. Алайда бұған қол жеткізгендердің саны 1965, бірақ олардың тең жартысы әртүрлі аурулардан көз жұмған.

Аралдың әлі де қауіпті екенін Колумбия университетінің мамандары дәлелдеген.  Ғалымдардың пікірінше, Маршалл аралдары аумағындағы радиобелсенді бөлшектердің жиынтығы Чернобыльдан да жоғары. Ауада, топырақта цезий, америций және плутоний сияқты радиобелсенді металлдардың бөлшектері табылған. Бикини аралындағы  плутоний жиынтығы Чернобыльден 1000 есеге асып түскен.

Зерттеушілер Бикини, Рунит, Энджеби, Наен және Эниветок аралдарының жер бетіндегі ең радиобелсенді аймақтар деген қорытындыға келіп отыр. Бұл аралдарда адам тұрмайды. 2011 жылы Эниветокта 9 тұрғын болса, Маршалл аралдарының  басқа тұрғындары АҚШ билігінен денсаулық және білім бағдарламаларына жылына 6 млн доллар  алып тұруға мәжбүр.