Әлем • 27 Сәуір, 2020

Өткен тәулікте Ресейде 6361 адам коронавирус жұқтырған

82 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26 сәуірде Ресейде індет басталғалы бері коронавирусты жұқтырған 6 361 адам анықталды. Бұған қоса, Санкт-Петербургте екінші дәрігердің вирустың салдарынан көз жұмғаны белгілі болды.

Өткен тәулікте Ресейде 6361 адам коронавирус жұқтырған

COVID-19-дың кесірінен Александров ауруханасының нейрохирургия бөлімшесінің меңгеруішісі Алексей Филиппов қайтыс болды.

Ресейде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 80 949 адамды құрап отыр, қайтыс болғандар саны — 747. Вирус бұл елдің барлық 85 өңіріне таралған. Сонымен қатар, 517 науқас бір тәулікте ауруханадан шығарылған,ал пандемия басталғалы Ресейде 6,7 мыңнан астам адам ауруынан айығып шыққан.