– Бір жылда 1 млн 198 мың бензин өндірілді. Бензин мен дизель сапасы К4 және К5 экологиялық класына сәйкес келеді. Еуропа елдеріне К5 экологиялық класына жататын Аи-92 бензинін экспорттау басталды. Мұнайхимия өнімдерінің көлемі де өсті, - деп хабарлады зауыттың баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ Атырау мұнай өңдеу зауыты ішкі нарықты -38 градус аязға қатпайтын Khazar дизельді отынымен қамтуды қолға алды.