Коронавирус • 27 Сәуір, 2020

Алматыда індет жұқтырғандар саны азайып келеді

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 27 сәуірде Алматыда коронавирустық инфекция жұқтырудың расталған 847 жағдайы тіркелді.

Алматыда індет жұқтырғандар саны азайып келеді

Кеше тағы да жаңадан 5 адамның індет жұқтырғаны анықталды.

Олардың төртеуі карантиндегі вирус жұқтырған науқаспен байланыста болғандар. Оның ішінде 1989 жылы туған екі ер адам және 1971,1958 жылғы екі әйел кісі, ал бесіншісі кеше Атырау – Алматы рейсімен ұшып келген 1988 жылғы әйел. Ұшып келген соң экипаждың барлық мүшелері карантинге орналастырылды.

Жұқпалы аурулар стационарларында Алматы облысының бір адамын қоса есептегенде, коронавирустық инфекциядан емделіп жатқан 744 адам бар.

2 науқастың жағдайы аса ауыр, 29 адамда – ауыр, 214 адамда – орташа ауыр қалғандарында – қанағаттанарлық.

Екі науқас тыныс алу жеткіліксіздігіне байланысты ӨЖЖ аппаратына қосылды.

Провизорлық госпитальдарда 481 адам жатыр, оның ішінде – 11 бала, карантиндік оқшаулауда 415 адам, оның ішінде 5-і бала бар. Провизорлық және карантиндік стационарларда бос орындар жеткілікті екендігін айта кеткен жөн.

 

АЛМАТЫ