Оның 774-і қоғамдық қауіпсіздікті бақылауға арналған. Бұған дейін орнатылған 750 бейнебақылау камерасы да жүйеге қосылады. Ал жол қиылыстары мен желілік учаскелерді 612 камера бақылайды. Сондай-ақ жоба аясында полицейлерге арналған 100 планшет пен 10 экометеодатчик қарастырылған.
– Бұл жоба кезең-кезеңмен іске қосылады. Жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды тіркеу және айыппұл салу жүйесін іске қосу туралы өкілетті органдар қосымша ақпарат береді,- деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.