ИР мәдениет және туризм министрі Дарио Франческинидің айтуынша, шекараларды ашу туралы шешім коронавирус инфекциясының таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдайға және әрбір жекелеген мемлекеттің саясатына байланысты қабылданады.
Бұл мемлекет ішкі туризмді дамытып, осыған байланысты табысы төмен отбасыларды қолдайтын болады. Субсидия бір отбасыға 500 евроға дейін болады. Бұл қаржы ел ішіндегі жазғы демалысқа беріледі. Мамыр айында 8 наурыздан бастап жабылған Италияның музейлері мен көрікті жерлерін ашу көзделген.
Италияда COVID-19 қауіпті вирусының кесірінен 26 мыңнан астам адам көз жұмған. Ел осы көрсеткіш бойынша әлемде үшінші орында тұр.
Италия Үкіметі осы жылдың соңына дейін шекараны ашпайтынын мәлімдеді. Туристік саладағы жұмыстар ішкі туризмде ғана атқарылмақ.
Трамп таяу арада Ресейге баруы мүмкін - сарапшы
Әлем • Бүгін, 13:42
Президент Қорғаныс министрінің есебін тыңдады
Президент • Бүгін, 13:09
Алматыда Non-Food Asia Expo көрмесі ашылды
Экономика • Бүгін, 12:50
Елімізде тағы екі жайлы мектеп бой көтерді
Мектеп • Бүгін, 12:40
Спортшылардың өткен аптадағы жетістіктері
Спорт • Бүгін, 12:30