Қазіргі күндері ВТБ ШОБ субъектілері үшін қарыздарды кейінге қалдыруға 200 өтінімді немесе келіп түскен өтініштердің жалпы санының шамамен 90% мақұлдады.
Сонымен қатар, сәуір айының басында Банк ТЖ кезеңінде бизнесті қолдауға бағытталған Шағын және орта кәсіпкерлікті жеңілдікпен кредиттеу мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. Бөлінген лимит 9 млрд теңгені құрады.
Осы бағдарлама аясында соңғы қарыз алушыларға жылдық 8%-ға дейінгі ең төменгі сыйақы ставкасы бойынша 1 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсалды. Қаржыландыру қандай да бір комиссияларды алмай беріледі. Жеңілдетілген кредит алғандардың арасында сауда және құрылыс материалдарын өндіру сияқты экономика салаларының кәсіпкерлері бар.
– Біз қазір бизнес пен карантин кезеңінде өз қызметін тоқтатуға мәжбүр болған ұйымдарда жұмыс істейтін адамдар қандай қиын жағдайға тап болғанын түсінеміз. Өз тарапымыздан біз қазір корпоративтік клиенттерімізге қолдау көрсету үшін барлық мүмкіндіктерді жасауға тырысамыз және жағдай толық тұрақтандырылғанға дейін оны жалғастырамыз, – дейді Банк ВТБ (Қазақстан) Басқармасының төрағасы Дмитрий Забелло.
Жеңілдікті кредит беру бағдарламасына ТЖ режимін енгізу салдарынан қаржылық жағдайдың нашарлауын растайтын ШОБ өкілдері қатыса алады. Қарыз 12 айға дейінгі мерзімге беріледі. Заңды тұлғалардың ішінен бір қарыз алушыға лимит – 3 млрд теңгеге дейін, ЖК үшін – 50 млн теңгеге дейін. Кредитті мақсатты пайдалану – айналым қаражатын толықтыру. Жеңілдікті кредиттеуге арналған барлық өтінімдер мен құжаттарды Банкке электрондық нысанда жіберуге болады.
Жеңілдетілген кредит алу мәселелері бойынша ШОБ клиенттері үшін SMB_VTB@vtb-bank.kz электрондық пошта жәшігіне жүгінуге болады. Сонымен қатар, банктік қызмет көрсету мәселелері бойынша толық ақпаратты сіз жедел желінің 8 (727) 330 47 00 телефоны бойынша ала аласыз немесе біздің сайтта таныса аласыз.
АЛМАТЫ