Президент • 27 Сәуір, 2020

Мемлекет басшысы аулалар мен ойын алаңдарын ашуды тапсырды

507 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Президент коронавирусқа қатысты жариялаған мәлімдемесінде айтты.

Мемлекет басшысы аулалар мен ойын алаңдарын ашуды тапсырды

- Оқшаулану кезінде ата-аналарға кішкентай балаларымен төрт қабырғаға қамалып отыру оңай емес. Мемлекеттік комиссия әкімдіктермен бірлесіп, аулаларды және ойын алаңдарын ашу мәселесін ойластыруға тиіс. Әрине, алдымен, барлық санитарлық нормалар мен санитарлық қауіпсіздік талаптары қатаң сақталуы керек, - деді Президент.

Сондай-ақ ол саяжай иелерінің де мәселесі шешімін табатынын айтты.

- Саяжай иелері де қатты алаңдап отыр. Өйткені, қазір көктемнің дәл ортасы, жұртқа қолайлы кезең. Мемлекеттік комиссия бұл мәселені қарастырды, енді оны шешу жолын айтады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімесінде.