Президент • 27 Сәуір, 2020

Карантин режимі бұзылса, коронавирусқа шалдыққандардың саны күрт көбейеді - Президент

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы созылмалы ауруы бар және егде адамдар ерекше сақ болуы керек екенін айтты.

Карантин режимі бұзылса, коронавирусқа шалдыққандардың саны күрт көбейеді - Президент

 

- Халқымызда «Төзім тілекке жеткізеді» деген мақал бар. Сондықтан сабыр сақтайық. Күннің жылынуы мен карантиннен шаршағандық жауапсыздыққа себеп болмауға тиіс. Карантин режимі бұзылса, коронавирусқа шалдыққандардың саны күрт көбейіп кетуі мүмкін. Әсіресе, созылмалы ауруы бар және егде адамдар ерекше сақ болуы керек. Тіпті, кішкентай балалар да ауру жұқтыруы мүмкін екенін байқадық. Сондықтан олардың денсаулығына бей-жай қарауға болмайды, - делінген Президент мәлімдемесінде.