Спорт • 27 Сәуір, 2020

Онлайн-турнирдің бесінші туры тосын нәтижемен аяқталды

72 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шахматтан «Magnus Carlsen Invitational» онлайн-турнирінің бесінші турында әлем чемпионы Магнус Карлсен жеңіліс тапты.

Онлайн-турнирдің бесінші туры тосын нәтижемен аяқталды

Норвегияның атақты шахматшысы нидерландтық Аниш Гириге 1,5:2,5 есебімен есе жіберді. Бұл оның осы жарыстағы алғашқы жеңілісі. Ал франциялық Максим Вашье-Лаграв ирандық Әлиреза Фиружа басым түсті. Бұл ойында да 2,5:1,5 есебі тіркелді.

Жоғарыдағы сәтсіздікке қарамастан Магнус Карлсен әлі де жеке-дара көш бастап тұр. Оның еншісінде 11 ұпай бар. Екінші орындағы америкалық Хикару Накамураның басты қарсыласынан бір ұпайы кем.

Ал өзге шахматшылар мындай орындарды иеленуде: 3-4). Фабиано Каруана мен  Лижэнь Дин – 8 ұпай, 5-6). Максим Вашье-Лаграв пен Ян Непомнящий – 5 ұпай, 7). Аниш Гири – 4 ұпай, 8). Әлиреза Фиружа – 3 ұпай.