Спорт • 27 Сәуір, 2020

Ортақ мәмілеге келе алмады

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов пен канадалық Микаэль Заевски арасында жекпе-жек өткізу жөнінде келіссөздер жүргізілгенімен, қос тараптың промоутерлері ортақ мәмілеге келе алмады. 

Ортақ мәмілеге келе алмады

Өзінің Твиттерінде канадалық боксшының промоутері Ивон Мишель: «Садриддин Ахмедов пен Микаэль Заевски арасында жекпе-жек өткізу жөнінде әңгіме қоғалғанда, олар бізге 20 мың АҚШ доллары көлемінде қаражат ұсынды. Бірақ бұл ақша жеткіліксіз. Қазіргі кезде Микаэль орта салмақта «ТОП-10» боксшының қатарында. Айтулы былғары қолғап шебері үлкен сынақтарға дайын. Бұйртса, ол күнді де көреміз», -  деп мәлімдеді.

Микаэль Заевски кәсіпқой рингте 2010 жылдан бері өнер көрсетуде. Сол аралықта 35 кездесу өткізген ол бір рет қана ұтылды. 20 қарсыласын айқын басымдықпен үтты. Осыдан бес жыл бұрын ол ресейлік Константин Пономаревке есе жіберген еді.