Әлем • 27 Сәуір, 2020

Кариб аралдарында қамалған нидерландиялық оқушылар үйлеріне оралды

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирустың кесірінен Кариб теңіз аралдарында қамалып қалған нидерландиялық 25 оқушы кеше кемемен өз үйлеріне оралды.

Кариб аралдарында қамалған нидерландиялық оқушылар үйлеріне оралды

14 және 17 жас аралығындағы бұл жеткіншектер 1920 жылы өндірілген «Wylde Swan» атты желкенді кемемен алты апталық оқу-жаттығу жасау үшін осында келген екен. Бірақ халықаралық карантин салдарынан үйлеріне қайта алмай Куба жағалауында тұрып қалған.

Жоғарыдағы оқу-жаттығу шарасын ұйымдастырушылар ақыры амалы таусылып, бұларды желкенді кемемен еліне жеткізіп салу үшін жолға шыққан. Тәжірибелі 12 теңізші жеткіншектерді 3 ұстазымен бірге кемеге отырғызып, бес аптаның ішінде Атлант мұхитын көктей өтіп, 7 мың шақырым жол жүріп, қарт құрлықтағы Португалия портына тұмсық тіреп тоқтаған екен.

Желкенді кемемен жолға шыққан жолаушылардың жол жабдығын Кариб аймағына қарасты Сэйнт Люси аралының тұрғындары дайындап, ұзақ сапарға аттандарып салған.