Олимпия ойындарының жалпы командалық есебінде Ұлыбритания құрамасы көш бастады. Жарыс қожайындары 146 (56 алтын+51 күміс+39 қола) жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ АҚШ (23+12+12), Швеция (8+6+11), Франция (5+5+9) және Германия (3+5+5) сынды мемлекеттер үздік бестіктің қатарынан көрінді.
Жекелеген спортшылар арасында ең зор нәтижеге ұлыбританиялық жүзуші Генри Тэйлор мен америкалық жеңіл атлет Мелвин Шепперд қол жеткізді. Олардың әрқайсысы үш алтыннан олжалады. Сонымен қатар, ұлыбританиялық Бенджамин Джонс (2+1+0), Джозайя Риччи (1+1+1), Томас Рэнкен (0+3+0), швециялық Оскар Сван (2+0+1), америкалық Мартин Шеридан (2+0+1) сынды саңлақтар да үш реттен жеңіс тұғырына көтерілді.