Аргентинаның ұлттық құрамасы мен Италияның А сериясында өнер көрсететін «Наполидің» сапында талай биік белестерді бағындырып, әлемдік футбол тарихында есімі Пелемен қатар аталатын Марадона осындай қайырымдылық жасаған өзінің бұрынғы командалық әріптесіне зор ризашылығын білдірді. Дәл осы футболканы тура 33 жыл бұрын Диего Италия мен Аргентина құрамалары арасындағы кездесуден кейін Чироға сыйға тартқан еді.
53 жастағы Чиро Феррара да кезінде мықты футболшы. Неапольда туып-өскен ол жергілікті «Наполи» мен Туриннің «Ювентусты» сапында ойнады. 1987-2000 жылдар аралығында Италия ұлттық құрамасының намысын қорғады. Амплуасы – қорғаушы. 1990 жылы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 1988 және 2000 жылдары Еуропа біріншілігінің күміс және қола жүлдегері атанды.