Аймақтар • 27 Сәуір, 2020

Түркістан: Ауруханалар германиялық ӨЖЖ аппаратымен қамтамасыз етіледі

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының барлық аудандық, қалалық ауруханалары Германияда өндірілген «Jenny» маркалы өкпені жасанды желдету аппараттарымен қамтамасыз етіледі. Жаңа медициналық аппаратты облыс әкімдігінде арнайы мамандар таныстырды.

Түркістан: Ауруханалар германиялық ӨЖЖ аппаратымен қамтамасыз етіледі

Облыстық бюджет есебінен қаржыландырылған 26 өкпені жасанды желдету аппараттары ең алдымен Жетісай, Ордабасы, Кентау, Отырар, Сарыағаш, Сайрам, Түлкібас аудандық орталық ауруханалары мен Түркістан қалалық орталық және балалар ауруханасына жеткізілмек. Аталған қондырғыларға облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасы өткен жылдың желтоқсан айында тапсырыс берген. Сол уақытта белгіленген бағамен әрқайсысы 16 миллион теңгеге сатып алынған. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев індеттің таралмауын мақсат ететін іс-шаралардың қатаң бақылауда екенін, аппараттарды алып келуге жеткізуші компания қолдау көрсеткенін айтып өтті.  Аппараттар балаларға да, ересектерге де арналған.

дд

Әзірге облыс аумағында ӨЖЖ аппаратына тәуелді ауыр халдегі науқастар жоқ. Соңғы үлгіде жабдықталған аппараттар бір мезетте қан қысымын көрсетіп, жүрек соғысы мен кардиограммасын экранда бірден көрсетіп тұрады. Оларды өңірдегі ауруханалардың бірінші басшылары мен жансақтау бөлімінің дәрігерлері, инженер-мамандары тексеріп, қабылдап алуда.

 

Түркістан облысы

Соңғы жаңалықтар