Аймақтар • 27 Сәуір, 2020

Түркістанның тұрғындарына саяжайға баруға рұқсат етілді

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдай кезеңі 11 мамырға дейін ұзартылатыны хабарланған мәлімдемесінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт көктемнің жұртқа қолайлы кезеңінде саяжай иелері де қатты алаңдап отырғанын айтқан болатын. Осы орайда Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов карантин кезеңінде қалаға кіріп шығу және ішкі қозғалыс үшін рұқсатнама алу тізіміне саяжайға бару және тұрғын үйден 150 метр радиуста серуендеу мүмкіндіктері қосылғанын жария етті.

Түркістанның тұрғындарына саяжайға баруға рұқсат етілді

«Саяжайға баруға жұма-жексенбі күндері сағат 06/00-10/00 және сағат 17/00-19/00 аралығында рұқсат етілген. Ол үшін алдын ала онлайн тіркелу барысында: шығатын - баратын мекенжайды, көлік мәліметтерін, меншік иесі құқын растайтын құжатты жазуыңыз қажет. Саяжай иесі меншіктік құқын растайтын құжатты өзімен ала жүруге міндетті. Бір көлік ішінде, жүргізушіні қосқанда, адам саны 3-тен аспау керек. Әрбірінің жеке куәлігі болуы және бетперде тағуы қатаң қадағаланады. Серуенге таңғы алты мен түнгі онға дейін рұқсат етіле, бір сағаттық шектеу қойылған. Жеке куәлігіңізді ала шығуды, арақашықтықты сақтауды және үш адамнан артық жиналмауды ұмытпағайсыздар. Басқа үйге қонаққа баруға және ертеректе жарияланған шараларды бұзуға болмайды», делінген қала әкімінің хабарламасында.

 

 

Түркістан облысы