Ұсталған 47 жастағы азамат газет қиындысына оралған жасыл түсті ұнтақты 2000 теңгеге саудалаған. Сараптама қорытындысы ол ұнтақтың жалпы салмағы 3,56 грамм болатын кептірілген марихуана екендігін анықтады.
Бұл азаматтың жұмыс орнын тексеру барысында дәл осындай 14 дана орама табылды. Мекен-жайын тінту барысында да үйінен ораманың 12 данасы табылып, сараптама қорытындысына сәйкес алынған заттардың жалпы салмағы 99,33 грамм кептірілген марихуана екендігі белгілі болды.
Қазір бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1 бөлігі және 269 бабының 3 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.