Аймақтар • 27 Сәуір, 2020

COVID-19: Індет жұқтырған жетісулықтардың жалпы саны 100 адамға жетті

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматы облысында коронавирус инфекциясымен ауырған тағы 3 тұрғын анықталды. Осы сәтке дейінгі дерек бойынша індет жұқтырғандар саны 100 адамға жетіп, оңалғандар қатары әлі тоғыздан аспай тұр.

COVID-19: Індет жұқтырған жетісулықтардың жалпы саны  100 адамға жетті

 - Инфекция анықталған науқастың үшеуі де Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары.1992,1999 жəне 1972 жылы туған азаматтар бұған дейін ауырғандармен тығыз байланыста болған. Қазір олар Шелек ауылындағы аудандық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды. Ал науқастармен қарым-қатынаста болған 2 адам үй карантинінде, вирусологиялық зерттеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 

Алматы облысы