Аймақтар • 27 Сәуір, 2020

Қызылордалық полицейлер қайырымдылық шарасын өткізді

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әркім де қиындықта демеген жандардың қайырын ұмытпайды, жақсылыққа жаны жадырап қуанады.

Қызылордалық полицейлер қайырымдылық шарасын өткізді

Қасиетті айда Қармақшы аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы қайырымдылық іс-шарасын өткізді. Қызметкерлер кенттегі көп балалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға азық-түлік таратты,   балаларына тәттілер жеткізді.

Қамқорлыққа ризашылық танытқандар полиция қызметкерлерінің қызметтеріне табыс, отбасыларына амандық тіледі.