Аймақтар • 27 Сәуір, 2020

Түркістан облысында 40 соғыс ардагері тұрады

1461 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында Екінші дүниежүзілік соғысы ардагерлері мен оларға теңестірілгендер саны ­­— 8293. Оның 40-ы соғыс ардагері, 256-сы соғысқа қатысушылар мен мүгедектеріне теңестірілгендер. Бұдан бөлек, өңірде 7997 тыл еңбеккерлері есепке алынған.

Түркістан облысында 40 соғыс ардагері тұрады

Өңірде тұратын соғыс ардагерлеріне, яғни 40 адамға 1 млн теңге бір реттік материалдық көмек берілмек. Сондай-ақ, 8251 тыл еңбеккерлері, қаза болған жауынгерлердің жесірлеріне 30 мың тегеден, ал блокадалық Ленинградтың тұрғыны мен концлагерьлердің бұрынғы тұтқынына (2 адам) 60 мың теңгеден қаржылай көмек беру жөнінде шешім қабылданыпты, тиісті министрліктер тарапынан. Берілетін қаржының жалпы сомасы 40 247,8 млн теңге.
Сондай-ақ, ардагерлерге әлеуметтік қолдау көрсету және тұрғын үймен қамтамасыз ету немесе тұрғын үйлерін жөндеу мәселелері де қарастырылуда.

Осы арада Төлеби ауданы бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған Ұлы Отан соғысының ардагері Р.Джумагуловқа 2020 жылдың 7 ақпанында жергілікті бюджет есебінен тұрғын үй берілгенін айта кетелік.

 

 

 

Түркістан облысы