Аймақтар • 27 Сәуір, 2020

Таласбаеваның мәселесі келесі аптада талқыланады

238 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы (әрі қарай – Басқарма), «Егемен Қазақстан» газетінің сайтында жарияланған «Таласбаеваның тасасында кім тұр?» деген мақалаға қатысты төмендегіні хабарлайды.

Таласбаеваның мәселесі келесі аптада талқыланады

Басқарма тарапынан, Ж.Таласбаеваның жұмыс берушісі кітапхана директоры А.Оразқұловаға тиісті шаралар қолдану үшін бірнеше мәрте ұсыныс берілген. Басқарманың жауапты мамандарының қатысуымен ұжымдық жиналыс өткізілген, кітапхана басшылығы әр қызметкермен жеке профилактикалық жұмыстарын жүргізген және Қазақ соқырлар қоғамының мүшелерімен бірлесіп Ж.Таласбаеваның іс-әрекеттеріне қатысты арнайы жиын өткізген. Алайда, барлық жиналыс нәтижесіз қалдырылған.  

Ж.Мүлкібекованың Ж.Таласбаеваның үстінен Басқармаға жазған арызына қатысты:

Ия, Ж.Мүлкібекова 2019 жылдың қараша айында  Басқарма басшысына Ж.Таласбаеваның үстінен, оның ар-намысына және қадір, қасиетіне тіл тигізгені үшін жұмыстан босатуды немесе тиісті шара қолдануды сұранған. Алайда, мұндай шараны қолдануға ҚР Еңбек Кодексіне сәйкес, Басқарманың құзыреттілігі шектеулі болғандықтан, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес, құзыреттілігі бойынша қарау үшін Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының директорына жолданған.

Нәтижесінде ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды қалпына келтіру бағытында тиісті жұмыстарды атқара алмағаны үшін кітапхана директоры А.Оразқұлова басшылық лауазымынан өз өтініші бойынша  босатылған.

2019 жылдың қараша айында кітапханашы Ж.Мотаева да Ж.Таласбаеваға қатысты Тараз қалалық сотына жүгінген. №2 қалалық сотының үкімі ағымдағы жылдың 21 сәуірінде  шықты. Алайда заңды күшіне енген жоқ.

Бүгінгі күні Ж.Таласбаева өз өтініші бойынша кезекті еңбек демалысында. 2020 жылдың 4 мамырында   жұмысқа қайта кіріскеннен кейін аталған мәселе тағы да жан-жақты талқыланатын болады.