Экономика • 28 Сәуір, 2020

Елордада 80 мыңға жуық адам жұмысқа шықты

227 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

20 сәуірде елордада бірқатар жұмыс орыны қайта іске қосылғаннан кейін 80 мыңға жуық адам жұмысқа шықты. Санитарлық талаптарды орындамаған 15 нысан жабылды.

Елордада 80 мыңға жуық адам жұмысқа шықты

Тиісті талап бойынша жұ­мыс беруші мекемелер өз қыз­мет­керлері үшін арнайы көлік ұйым­дастырып, жеке қорғаныш құ­рал­дарымен қамтамасыз етуге тиіс. Нұр-Сұлтан қаласы әкі­мі­нің орынбасары Бақтияр Мәке­н­нің айтуынша, әкімдік елорда­дағы мекемелермен және кә­сіпорындармен санитарлық та­лап­тарды орындау туралы ке­лі­сім­шартқа қол қойған.

– 20 сәуірден бастап  сани­тарлық талаптарды орын­да­ма­ған 15 нысан жұмысын тоқ­тат­ты. Оған қорғаныш құ­рал­да­рының жоқтығы, қызмет­кер­­лер үш­ін көлік тасымалын ұйымдастырмағаны себеп болды. Сонымен қатар де­зин­фекция шаралары да жүргізілмеген, –  деді ол.

Карантин әлі алын­ба­ған­дық­тан, қаладағы көптеген сая­бақ­тар, алаңдар мен адамдар көп жиналатын орындардың барлығы жабық.  Полиция де­пар­таменті мен еріктілер арна­йы рейдтер жүргізуде. Олар көшелерді, нысандарды, ғима­раттарды аралап жүріп тек­середі.

Елордада 9 сәуірден бастап экспресс тестілеу жұмыстары басталып, осыған дейін 12 752 азамат тапсырып үлгерді. Бұдан басқа тағы 41 мың экспресс тест квота бойынша ар­нaйы меди­цинa, пoлиция, Ұлт­тық ұлан қызметкерлерi, әске­рилер, қала­дағы өмірді  қaм­тамасыз ету жүйесі мен ком­муналдық қыз­мет­тер­дің жұмысшыларына бе­­рілдi. Мұндай iс-шара­лар ко­рo­на­вирусты тез арада aнық­тап, дeр кезінде меди­ци­налық көмек беруге мүмкіндік бермек.

– Астанадағы №2 қалалық аурухана қазір тәулік бойы жұмыс істейді. Емханада жедел респираторлы вирустық инфекция белгілері бар науқастарды қабылдайтын обсервациялық клиника ашылып, зертханалық зерттеулер жүргізіледі. Бұл ви­рус­тық инфекция белгілерін тиім­ді және жылдам анықтауға мүм­кіндік беріп отыр, – дейді қала әкімінің орынбасары.

Ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша төтенше жағдай кезінде кірістердің жо­ға­луына байланысты азамат­тар­­ға әлеуметтік көмек көрсету жұ­­мыстарының жалғасып жат­қанын айтты. 24 сәуірдегі жағдай бойынша, 243,5 мыңнан астам азамат 42,5 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек алған. Барлығы 594,5 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алуға өтініш берді. Халықтың әлсіз топтарына әлеуметтік көмек көрсету аясында Нұр-Сұлтанның 30,3 мыңнан астам тұрғыны азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар сатып алу үшін қосымша төлемдер алды.

Қалалық жедел штаб карантин кезінде жұмыс істей­тін кәсіпорындардың нақты алгоритмін бекіткенін айта кетейік. Аталған шара жұмыс­шы­лардың қауіпсіздігін қам­тамасыз етуге және корона­ви­рус инфекциясының та­рал­уының алдын алуға бағыт­тал­ған. Өнеркәсіптік және индустриялық кәсіпорындар, құрылыс компаниялары, ірі құрылыс дүкендері, ауыл­шар­уа­шылық саласында жұмыс істейтін ұйымдар мен жеке кәсіп­керлер,  логистика сала­сын­дағы компаниялар, авто­са­­лондар, автобөлшектер дү­кен­дері мен ТҚС, азық-түлік дүкендері, химиялық тазалау және жуу, кеңсе техникасын жөндеу қызметін көрсететін мекемелердің жұмыс режімі бойынша нақты алгоритмі бар басшысы жауап береді.