Экономика • 28 Сәуір, 2020

Салықтық демалыс – маңызды қадам

132 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавирусқа байланысты жариялаған мәлімдемесінде азаматтар мен бизнесті қолдау үшін 6 трлн теңгеге жуық қаржы бөлініп отырғаны айтылды.

Салықтық демалыс –  маңызды қадам

Бұл қаражаттың белгілі дәрежеде ұлғайғанын көріп отыр­мыз. Өткен жолы дағда­рысқа қарсы қолдау шараларына арналған пакет көлемі 4,4 трлн теңге болған еді. Демек, белгілі бір дәрежеде бұл қаражат алдағы уақытта да өсе беретінін көріп отырмыз. Бұған қоса бүгінде 4 млн 250 мың азаматқа қар­жылай көмек көрсетілді. Кө­мектің бұл түрі де алдағы уа­қытта арта береді деген се­нім­деміз.

Жалпы, елдегі табысынан уақытша айырылған азаматтарды қолдауға шамамен 400 млрд теңге қаражат бөліп отыр. Шындығына келгенде мүлде табыс көзінсіз қалған отбасы үшін 42 500 теңге де қажет қаражат. Төтенше жағдай кезінде мемлекеттің эко­номиканы қолдау шара­ла­рының ішінде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған бастамаларды, әсі­ресе салықтық демалыс жария­лаудың маңызды қадам бол­ғанын айта кету керек. Со­нымен қатар Ең­бек­ақы қоры­на қазан айына дейін төлем жасамау туралы қабыл­данған ше­шім аса орынды. Енді жұ­мыс берушілер осындай же­ңілдіктерді пайдаланып, өз жұмысшыларын қыс­қарт­пауға әрекет жасайды. Бұл белгілі бір дәрежеде жұ­мыссыздықтың алдын алу қадамы деп қабылдағанымыз дұрыс. Бұған қоса ауыл ша­­руа­шылығы саласын қол­дауға 200 млрд теңге бө­лінді. Ал­дын ала бағасы есеп­телініп, фермерлердің қанша өнім көлемін беретінін, оның қандай бағада сатып алынатынын анықтайтын келісім жасалды. Бұл ертеңгі күні азық-түлік өнімдерінің ба­ғасын тұрақтандыруға негіз болатын бастама болмақ. Осы бөлінген қомақты қа­ра­жаттың тиынына дейін қажетті шаруаның, расымен мұқтаж азаматтардың қолына жетуі ендігі маңызды міндет. Бұл жолы бармақ бас­ты, көз қысты әрекеттерге жол беруге болмайды.

 

Мақсат ХАЛЫҚ,

GSB UIB бизнесті талдау орталығының сарапшысы, экономист

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024