Қуаныштысы, облыста сұранысқа сай азық-түлік қоры жеткілікті. Қазір өңірде 193,1 мың тонна азық-түлік қоймада сақтаулы тұорған көрінеді. Ел-жұртты қажетті тауармен қамтуда облыстың тұрақтандыру қорынан қаражат жеткілікті бөлініп отыр. Осы айда жалпы құны 26,8 млн теңге болатын 121,7 тонна тауар алынған. Оның ішінде 94 тонна бидай ұны, 27,7 тонна қант әкелінді.
Жалпы .ймақта азық-түліктің 19 түрінен тұратын әлеуметтік маңызды тауарлар бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында нақты іс жүзеге асуда. Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының хабарлауынша, облыс әкімінің тапсырмасымен халықты азық-түлікпен және бірінші кезектегі қажеттіліктермен үздіксіз қамтамасыз ету үшін бюджеттен қосымша 2 млрд теңге бөлінген. Соның 1 млрд теңгесі әлеуметтік маңыздағы азық-түлік тауарларын сатып алу интервенциясын жүргізуге, тағы 1 млрд теңгесі кәсіпкерлік субъектілеріне займдар беру үшін қарастырылған екен. Бөлінген қаржыға қосымша 5,9 мың тонна ұн, 100 тонна күріш, 20 тонна жарма өнімдері, 5 мың литр күнбағыс майы, 1000 тонна қант, 200 тонна картоп, 100 тонна пияз бен 1 тонна тұз сатып алу жоспарланып отыр.
Алматы облысы