Үкімет • 28 Сәуір, 2020

Азық-түлік қауіпсіздігін сақтаудың басты проблемалары қандай?

620 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов елді азық-түлікпен қамтамасыз етуде кездесетін басты проблемаларды атады.

Азық-түлік қауіпсіздігін сақтаудың басты проблемалары қандай?

«Азық-түлік қауіпсіздігінің қазіргі жағдайы біріншіден өнімді ұзақ мерзімге сақтау үшін сапалы инфрақұрылымның жетіспеушілігімен сипатталады. Бұл ауыл шаруашылық өндірушінің шығынын арттырады. Екіншіден сауда-логистикалық инфрақұрылым нысандарының бір-бірімен дұрыс үйлестірілмеуі тұтынушыға дейін жеткізетін тауар жолын қиындатады. Үшіншіден сауда инфрақұрылымының ескі форматтары өнімді тиімді таратып, ұзақ мерзімге бағаны тұрақтандыруға жол бермейді. Сонымен бірге еліміздегі көлік-логистикалық жүйенің қымбаттылығы мен тиімділігінің төмендігі транзиттік мүмкіншіліктері мен экспорттық әлеуетті толық ашуға қосымша қиындықтарды туындатады», - деді Бақыт Сұлтанов.

Министрдің айтуынша, ішкі нарықтағы сұраныс отандық азық-түлік тауарлары есебінен жабылатыны айқын.

«Алайда қазіргі инфрақұрылым, жетілдірілмеген логистика, тауар айналымына қатысушылардың өзара нақтыланбаған іс-қимыл бағаның едәуір өсуіне алып келеді. Еліміздің әрбір азаматы мұны осындай жағдайда әсіресе маусымаралық кезеңде сезінеді. Жыл сайын ақпаннан мамырға дейін, егін қоры таусылып, көрші елдерден жаңа өнім келе бастағанда біз бағаның жоғары тұрақсыздығын байқаймыз. Бұл өз кезегінде инфляцияға теріс әсер етеді», - деді министр.