Аймақтар • 28 Сәуір, 2020

Жамбыл облысында өндірісті өркендетуге мүмкіндік мол

352 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жамбыл облысының әкімі Тараз қаласының өндірістік және әлеуметтік нысандарымен танысуда. Ол Тараз қаласында орналасқан кардиохирургия және трансплантология ғылыми клиникалық орталығында болды. Материалдық-техникалық базасының жағдайы және мамандарының біліктілік деңгейі бойынша аталған медициналық мекеме республикадағы алдыңғы қатарлы мекемелердің бірі болып табылады. Күні бойы мұнда 100-ге жуық науқас қабылданады.

Жамбыл облысында өндірісті өркендетуге мүмкіндік мол

Медициналық орталықтың директоры Сейітхан Жошыбаев емханада 7 бөлім, 65 стационарлық төсек бар екенін, медицина қызметкерлері 74 адам, оның ішінде 20 дәрігер бар екенін айтты. Ғылыми орталық негізінен мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейді. Басқа медициналық қызметтерді қоспағанда, мұнда жылына 300-ге дейін жүрекке ота жасалады. Орталық осыған ұқсас шетелдік медициналық мекемелермен іскерлік байланыста. Оның негізінде онлайн режимде конференциялар мен семинарлар өткізуді дәстүрге айналдырған. Облыс әкімі орталық қызметкерлерінің  жұмыстарына сәттілік тіледі.

ааа

Бұдан кейін Бердібек Сапарбаев «Темір-Байлық» өндірістік кәсіпорнына барды. Кәсіпорын металл конструкциялар мен шағын сәулет формаларын шығарады. Қазіргі уақытта аталған кәсіпорын Тараз қаласы әкімдігінің тапсырысымен автобус аялдамалары, балалар мен спорт алаңдарының өндірістік құрылымдарын дайындауда. Мұнда бүгінде 20-дан астам адам жұмыс істейді. Алайда олардың жалақыларының аздығы мәселе болып тұр. Облыс әкімі кәсіпорын директорына жұмысшылардың еңбегін лайықты түрде бағалап, ынталандыру керектігін баса айтты. Сондай-ақ, әкім «Таразводстрой» кәсіпорнына да арнайы барды. Қазіргі уақытта компания жолдар салу және қиыршық тасты және құм өндірумен айналысады. Кәсіпорын директоры Ерлан Сарыбаев алдағы уақытта бетон өндіруге ниетті екендігін жеткізді. Бердібек Сапарбаев кәсіпорын басшылығына тендерлерге белсенді қатысуға және өндірісті дамыту жөнінде кеңес берді.

 

Жамбыл облысы