Эфир барысында облыстық партия филиал тарапынан «Biz birgemiz» акциясы аясында атқарылған жұмыстар туралы баяндалып, партия мен мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдау мәселелері жайында айтылды. Тікелей эфирді 1300 адам көріп, мыңға жуық тұрғын өздерін толғантқан сауалдарын жолдап, пікірлерін ортаға салды.
Nur Otan партиясының Алматы облыстық филиалы 19 наурыз – 27 сәуір аралығында «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» және «Кедергісіз келешек» жобалары аясында қайырымдылық шарасын тұрақты өткізіп келеді. Оған партияның аймақтық және аумақтық филиалдары, «Jas Otan» жастар қанатының еріктілері, әр деңгейдегі мәслихат депутаттары атсалысуда. Осы кезеңде 11 532 адамға жалпы құны 124 105 825 теңге болатын азық-түлік пакеттері және жеке гигиена заттары, антисептикалық құралдар, медициналық маскалар сатып алынып, тегін тартылған.Ал «Bіrgemіz» республикалық қорынан Талдықорған қаласындағы 3 361 мұқтаж азаматқа көмек көрсету үшін облыстық «Bіrgemіz Jetіsý» қорына 168 050 000 теңге қаражат түсті. Көрсетілген 7 санат бойынша Талдықорған қаласының тұрғындары қаржылай көмекті толығымен алды. Сонымен қатар, екінші толқын бойынша 7 санатқа кіретін тағы 6 551 мұқтаж адамдардың тізімі әзірленген екен.
- Бұл жұмыстардың барлығы Nur Otan партиясының процестерін ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау арқасында жүзеге асырылуда. Сонымен қатар көмек алушылардың тізімдерін қалыптастырумен айналысатын жергілікті атқарушы органдардың жұмысы жолға қойылды. Қабылданған шаралардың тиімділігін ескере отырып, жақында Елбасы нұсқаулыкпен материалдық және қаржылық көмектің екінші толқыны іске қосылатын болады, осы жұмыспен еліміздің 23 қаласынан 210 мың отбасын қамтуы жоспарланған. Партия осы қиын сәтте қарапайым азаматтармен бірге болуды қажет деп санайды, осыған байланысты партияның қоғамдық қабылдаулары онлайн режимге көшті, - дейді Nur Otan партиясының Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанболат Жөргенбаев
Жалпы, төтенше жағдай жарияланғалы бері облыстағы партия филиалдарына азық-түлік мәселесі бойынша 4743 өтініш түскен. Оның ішінде 3609 өтініш оң шешімін тапқан. Ал азаматардың талап-тідегнін қабылдауға арналған арнайы колл-орталық нөміріне 1850 азамат хабарласып, көмек сұраған екен.