Спорт • 28 Сәуір, 2020

ХХІ ғасырдың үздік футболшылары

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футбол статистикасына жүгінетін ProFootballDB порталы ELO жүйесі бойынша ХХІ ғасырдың ең үздік ойыншыларын анықтады.

ХХІ ғасырдың үздік футболшылары

Көптеген талаптар бойынша аргентиналық Лионель Месси мен португалиялық Криштиану Роналдудың көрсеткіші бірдей. Екеуі де 100 ұпайдан жиып отыр. Алайда 857 рет жасыл алаңға шыққан «Барселонаның» беткеұстары 697 мәрте нысананы дәл көздеп, 273 рет нәтижелі пас берді. «Ювентустың» сапында жасындай жарқырап жүрген сұрмерген 1000 кездесуде 725 гол соғып, 177 пас берді. ELO жүйесімен есептегенде Мессидің нәтижесі Роналдудан жоғары.

Ал ХХІ ғасырдағы ең үздік 10 ойыншының толық тізімі мынадай: 1. Лионель Месси, 2. Криштиану Роналду, 3. Тьерри Анри, 4. Луис Суарес, 5. Златан Ибрагимович, 6. Гарри Кейн, 7. Мұхамед Салах, 8. Неймар, 9. Роберт Левандовски және 10. Радамель Фалькао.