Елорда • 28 Сәуір, 2020

Бақтияр Мәкен елордадағы коронавирустық ахуал жөнінде айтты

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте елордадағы коронавирустық ахуал жөнінде айтты.

Бақтияр Мәкен елордадағы коронавирустық ахуал жөнінде айтты

«Мемлекет басшысы өз сөзінде елімізді пандемияның шеңгелінен құтқару – бәрімізге ортақ міндет екенін атап өтті. Бұл ретте, төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссия вирустың таралуын қатаң бақылауда ұстап отырған қалаларда карантин талаптарын жеңілдетіп, жұмысын қайта бастайтын бірқатар ұйымдардың тізімін жариялады» деді Б.Мәкен.

Ол алдымен қаладағы коронавирустық ахуал жөнінде қысқаша айтып өтті.

Қалада коронавирус инфекциясының 599 жағдайы тіркелді. 332 науқас стационарларда жатыр. 214 адам емделіп шықты. Үйдегі карантинде 2576 адам бар. Өкінішке қарай, індеттен үш адам қайтыс болды. 9 сәуірден бастап жаппай экспресс-тестілеу жүргізіле басталды, оны 15 528 адам тапсырды. Қазір уақытта 10 науқастың жағдайы тұрақты ауыр халде, оның ішінде 5 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Қазіргі уақытта жалпы 29 680 лабораториялық зерттеулер жүргізілді. 9 сәуірден бері 15 528 адам экспресс тестілеуден өтті» деді ол.