Атап айтқанда, Естай Мырзахметовтің «Шамшырақ», Кәрібай Ахметовтің «Жеңіс жауынгері», Жәлел Қизатовтың «Соғыс қасіреті», Нағашыбек Қапалбекұлының «Өрік ерте гүлдеген жыл» атты повестері жарияланған. Шығармаларды орыс тіліне аударған белгілі ақын, прозаик, аудармашы Амантай Ахетов.
Көлемі отыз бес баспа табақ болатын кітап бес мың данамен жарық көрді. Бұл шығармалар оқырманды елжандылыққа, патриоттық рухқа тәрбиелейтін соғыс және оның зардабы жайлы құнды жинақ болып табылады.
АЛМАТЫ