Әлем • 28 Сәуір, 2020

«Шереметьево» трафигі 50 пайызға дейін төмендеді

138 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ресейдің ірі әуе компанияларының трафигі наурыз айында 50 пайызға дейін төмендеген. Дегенмен де бұл комапниялар сәуір айында билеттер құнын көтеріп шарықтатып алған.

«Шереметьево» трафигі 50 пайызға дейін төмендеді

Ведомство мәліметтеріне сүйенсек, Мәскеуден Ресейдің 15 қаласына билет құны 50-110 пайызға дейін өскен.

Бұған дейін «Аэрофлот» әуежайының базалық тасымалдаушысы коронавирустың салдарынан мыңдаған рейсті алып тастаған. Ірі ресейлік «Шереметьево» әуежайының жолаушылар тасымалы наурыз айында өткен жылғы наурызға қарағанда 41,6 пайызға, яғни 2,2 млн адамға дейін қысқарған, деп хабарлайды Росавиация. Ал Мәскеудің басқа әуежайлары мұндай жағдайдан алыстау. «Домодедово» трафигі 29,3 – 1,4 млн жолаушыға, «Внуковода»  24,3 пайызға –  1,2 млн жолаушыға дейін қысқарған.

«Аэрофлот» шетелден жолаушылар тасымалдайтын ірі әуежайы болып табылады. Оған «Шереметьево» трафигінің шамамен 75 пайызы тиесілі. Наурыз айының ортасынан бастап «Аэрофлот» аптасына 1300 рейс тоқтатуға мәжбүр болған. Ай соңында Ресей үкіметі халықаралық рейстерге толықтай тыйым салды. Осы кезеңде «Аэрофлот» аптасына 1000-ға жуық рейстерді тоқтатты.

Наурыз айында Мәскеуде осы үш әуежай халықаралық рейстерде 1,7 млн адамға қызмет көрсетсе, бұл өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне қарағанда төмен. Мәскеу арқылы ішкі тасымалдардың азаюы 22,1 пайызды құрап – 3,1 млн адамға дейін жеткен.

«Домодедовоның» ірі тасымалдаушылары – S7 әуекомпаниясы және «Урал әуе жолдары» шетелге аз ұшқан. Олардың әрқайсысы аптасына 400-ге жуық шетелдік рейстерді тоқтатуға тура келді. «Внуковоның» негізгі тасымалдаушылары – «Победа» лоукостері және Utair – аптасына 200 және 160 халықаралық рейстер жабылған.  Utair рейстердің едәуір бөлігін Мәскеуден басқа да аймақтардан орындаған.