Қазақстан • 28 Сәуір, 2020

Satbayev University бос орындардың онлайн жәрмеңкесін өткізеді

591 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда алғаш рет жоғары оқу орындары түлектерін жұмысқа орналастыру үшін онлайн-платформа құрылды.

Satbayev University бос орындардың онлайн жәрмеңкесін өткізеді

Бүгінде ЖОО түлектеріне жұмысқа орналасу оңай емес. Пандемия жағдайында мәселе одан күрделеніп кетті. Әдетте жаздың басында университет қабырғасында өтетін Бос орындар жәрмеңкелері биылғы жылы  қолжетімсіз. Осы орайда Satbayev University Қазақстанда алғаш рет 15 мамырда студенттер үшін сандық еңбек биржасын іске қосып отыр. Жыл сайын өтетін Satbayev University Бос орындар жәрмеңкесі енді онлайн мамандандырылған платформада өтетін болады.

Қазақстандық және халықаралық компаниялардың өкілдеріне 3 және 4 курс студенттері өз түйіндемелерін таныстырып қана қоймай, әлеуетті жұмыс берушілерден тестілеуден өтуге және одан әрі жұмысқа орналасу үшін алдын ала әңгімелесуден өтуге бірегей мүмкіндігі пайда болмақ. Сонымен қатар университет басшылығы Семей қаласы мәслихатының депутаттары және қала тұрғындарының назарына https://facultetus.kz/su ЖОО профилінің құрылғандығы жайындағы мәліметті ұсынады. Онда студенттер өз түйіндемелерін, ал жұмыс берушілер өз бос орындарын орналастыра алады.

Сайтта нақты параметрлердің көмегімен жұмыс берушілер мен студенттер бір-бірін көре алады әрі алаң ішінде өзара байланыс жасау мүмкіндігі қарастырылған.  Барлық шақыртулар мен үндеулер қатысушылардың жеке кабинеттерінде жинақталады, онда келісу немесе бас тарту мәліметтері болуы мүмкін.  Тараптар бір-бірімен байланысқа шығып, жұмыс беруші сұхбатқа шақыра алады. Биыл жәрмеңкеге еліміздің  ірі компаниялары қатысады.

 

АЛМАТЫ