Ол үшін ешқандай қосымша өтініш берудің қажеті жоқ.
Сонымен, саяжайға бару үшін қала тұрғындары келесі ережелерді сақтауы керек:
– саяжай меншігін растайтын заңды құжат пен өзінің және 2 адамнан аспайтын ілесушінің жеке куәлігін көрсету;
– саяжайға барар жолда міндетті түрде медициналық бетперде тағу, қол өңдеуге арналған антисептик болуы қажет;
– аса қажеттіліксіз саяжай аумағынан шығуға болмайды;
– саяжай аумағына көршілер мен қонақ кіргізуге тыйым салынады;
– бір отбасынан болмаған жағдайда, 3 адамнан артық топталуға болмайды.
Осы орайда, жасы 65-тен асқан алматылықтарға үйде болуға кезекті рет кеңес берілді.
Осы ережелерді әзірлеу кезінде қала билігі саяжайға баруға рұқсат сұрайтындардың басым бөлігі электронды өтініш беруге қиналатын егде жастағы азаматтар екендігін ескергенін айта кету қажет. Сондықтан Жедел штаб саяжайға баратын азаматтардың жүріп-тұруын мейлінше жеңілдетуге тырысқан.
Енді алматылықтар тек саяжайының бар екендігін растайтын құжат пен жеке куәлігін көрсетсе жеткілікті.
Сонымен қатар саяжайлардың мақсатқа сәйкес пайдаланылуы ішінара тексерілетіндігін ескертілді.