Алқалы жиында ҚК СЭО ПТР-зертханасы жұмыс істеуге дайын екені, нысанның жөндеу жұмыстары аяқталғаны айтылды.
Жалпы Covid-19 індетіне қарсы іс-шаралар шеңберінде Алматы қаласындағы Қорғаныс министрлігінің әскери клиникалық госпиталі толығымен Денсаулық сақтау министрлігінің қажеттілігі үшін берілді. Бұл нысан инфекциялық стационар ретінде коронавирустың шұғыл көрсеткіштері бойынша клиникалық белгілері бар емделушілерді емдеуге жатқызу үшін пайдаланылады.
Сонымен қатар Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының және аймақ әкімдерінің өтініштері бойынша жұқпалы және провизорлық стационарлар ретінде Талдықорған қаласының 90 орынды әскери госпиталі, карантиндік стационар ретінде Үшарал қаласының 120 орынды әскери лазареті дайындалды.