Аймақтар • 28 Сәуір, 2020

Қыздар университетінде онлайн «Ашық есік күні» өтеді

40 реткөрсетілді

Ертең, 29 сәуір күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде онлайн форматтағы республикалық «Ашық есік күні» өтеді. Сағат 14:00 мен 18:00 аралығында жүргізілетін шара оқу орнының YouTube-тағы ресми арнасында ұйымдастырылады. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ашық есік күніне» биылғы мектеп бітірушілер мен олардың ата-аналары, білім беру саласының қызметкерлері және университеттің профессор-оқытушылары қатысады.

Шара барысында Қыздар университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова, факультет декандары мен құрылымдық бөлім басшылары оқу орны мен ондағы мамандықтар туралы кеңінен мәлімет беріп, оқушылардың сауалдарына егжей-тегжейлі жауап береді.

Сонымен қатар «Ашық есік күні» барысында білім ордасының танымал түлектері мен шетелдік серіктес жоғары оқу орындарының өкілдері бейне үндеулер сериясын ұсынады. Ал Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Рая Әміржанова қосдипломды білім беру бағдарламасы жайлы мәлімет берсе, Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Берік Жұбанышев «Қазақстан тарихы» пәнінен шеберлік сабақ өткізеді. Сондай-ақ «Жан шуағы» психологиялық орталығының директоры Күлмаш Елшібаева талапкерлерге психологиялық кеңес бермек.

Айта кетейік, онлайн форматтағы «Ашық есік күні» еліміздің жоғары оқу орындарының арасында алғашқылардың бірі болып Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде ұйымдастырылуда.

Бүгінде оқу орны мемлекеттік лицензия негізінде 49 бакалавриат, 28  магистратура,  12 PhD докторантура мамандарын  даярлайды. Студенттерге білім беру траекториясын таңдау мен білім беру қызметтерінің кең спектрі ұсынылған.

Университеттің материалдық-техникалық базасында 3 оқу корпусы, 7 студенттік жатақхана, мемлекеттік білім беру грантына түскен студенттер үшін3 мезгіл тамақпен қамтамасыз ететін «Ұлпан» асханасы, студенттер үшін ашылған «Аққу» жүзу бассейнімен заманауи Ғылыми кітапхана жұмыс жасайды.

– Біз, Қазақстанның болашағын дайындап жатқанымызды нық сеніммен айта аламыз. Себебі біздің түлектеріміздің көпшілігі Қазақстан қоғамының алдыңғы қатарында еңбек етіп, еліміздің дамуы жолында қызмет атқаруда. Бұл – ұжым еңбегінің нәтижесі, біз онымен мақтан етеміз және болашаққа сеніммен қараймыз. Қымбатты білім қуған арманшыл жастар, Сіздерді ұлағат ұясына айналған қарашаңырақ – Қыздар университетінде білім алуға шақырамыз, – деді оқу орнының ресми өкілі – баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Жандар Асан.

Соңғы жаңалықтар

Ақмолада қайырымды жандар көп

Аймақтар • Бүгін, 09:31

Шайқының домбырасы

Өнер • Бүгін, 08:15

Театр алдындағы тарландар

Руханият • Бүгін, 08:13

Пандемия: Стивен стихиясы

Әлем • Бүгін, 07:51

Лу Шүн. Маржан сүзген жазушы

Әдебиет • Бүгін, 07:50

Тұтқын тағдыры

Руханият • Бүгін, 07:34

Жаз шықпай-ақ қурай бастады

Экология • Бүгін, 07:30

Экология бәрімізге ортақ

Экология • Бүгін, 07:27

Ойлап тапқан дүниесіне демеуші жоқ

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:25

Мыңнан астам жұмыс орны ашылады

Экономика • Бүгін, 06:45

Ұмтылғандар ұтады

Бизнес • Бүгін, 06:41

Фермерлердің көңілі әлі де күпті

Экономика • Бүгін, 06:39

Сахара үнінің саңлағы

Өнер • Бүгін, 06:37

Бетперде режімін бұзуға болмайды

Коронавирус • Бүгін, 06:32

Жер көп, жайылым жоқ

Қоғам • Бүгін, 06:31

Ұқсас жаңалықтар