18 Қыркүйек, 2013

Ашық есік күні

483 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыдағы ҚР Президенті Іс басқармасының медициналық орталығында ашық есік күні өтті. Игі шараға 500-ден астам алматылықтар қатысып, клиниканың үздік профессорлары мен дәрігерлерінен тегін кеңес алды.

Алматыдағы ҚР Президенті Іс басқармасының медициналық орталығында ашық есік күні өтті. Игі шараға 500-ден астам алматылықтар қатысып, клиниканың үздік профессорлары мен дәрігерлерінен тегін кеңес алды.

Соңғы жылдары мұндай акция өткізуді аталмыш орталық дәстүрге айналдырған. ҚР Президенті Іс басқармасы медициналық орталығы бас дәрігерінің емхана жөніндегі орынбасары Шолпан Аюпованың айтуынша, бұған дейін ашық есік күні жылына екі рет өткізілсе, алдағы уақытта үш рет ұйымдастыру жоспарда тұр екен.

Бұл жолы денсаулықтарын тексертіп, дәрігерлердің қабыл­дауында болған келушілерге 41 арнаулы маман қызмет көрсеткен. Олардың барлығы дерлік орта­лықтың жетекші мамандары. Мұндағы дәрігерлердің дені жылда арнайы семинарларға қатысып, шетелдерде тәжірибелерін арттырып, біліктіліктерін шыңдаған кәсіби мамандар. Оның үстіне бүгінде орталық заманауи технологиялармен, құрылғылармен жабдықталған. Сондықтан да, келушілер бір емес, екі-үш маманға қаралып, өздеріне көрсетілген қызметке көңілдері толып, риза болып қайтуда.

Сонымен қатар, акцияда ультра­дыбыстық диагностика, рентген, кардиограмма, зертхана, т.б. қызметтерге 50 пайыздық жеңілдік жасалды. Ал бірнеше медициналық фирмалар қант мөлшерін, холестеринді тегін анықтап берді.

– Ашық есік күні өте жақсы ұйым­­дастырылған. Маған, әсіре­се,­ орталық дәрігерлерінің келу­ші­­лерге деген ықыласы ұнады. Олар­ға көп рахмет. Бәрі де ілти­пат­­пен қабылдап, білімді, білгір ма­­ман ретінде сауатты кеңес бе­ріп, риза болып қайтып барамыз, – деді орта жастағы қала тұр­ғыны Н.Г.Тимофеева. Ал өзін Ра­ши­да Мәжитқызы Исмайылова деп та­ныстырған апай мұндай жақ­сылық хабарды құрбысынан ес­тігенін, оны таңғалдырғаны адам көп жиналса да акцияның ың-шыңсыз, тәртіппен, жауапты өт­ке­нін басылым бетінде жеткізуді өтінді.

Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.