Аймақтар • 28 Сәуір, 2020

Алматы: Алатау ауданында «Біз біргеміз» акциясы жалғасын табуда

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінде «Nur Otan» партиясының бастамасымен өтіп жатқан «Біз біргеміз» акциясы қазіргі кезде еліміздің барлық өңірлерінде жалғасын табуда.

Алматы: Алатау ауданында «Біз біргеміз» акциясы жалғасын табуда

Осы орайда Алатау ауданындағы еріктілер тұрғындардың әлеуметтік осал топтарына бірінші кезекте қажетті азық- түлік пен қорғаныс құралдарын жеткізіп беруде. «Жақсылық пен игілікті іс жасау - адамгершіліктің белгісі. Ел басындағы ахуал тек қиын-қыстау кезде ғана емес, кез келген уақытта бір-біріне мейірім беріп, қолдау көрсету қажеттігін көрсетті. Басқа адамдарға көмектесіп жүрген көптеген абзал жандар бар. Егер адам басқаларға жақсылық жасап, қиын кезеңде қол ұшын берсе, ол да оған жанашырлық танытады. Жақсылық жасау – әрбір адамның парызы»,-дейді еріктілер тобының мүшесі,  №178 лицейдің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жазира Әбуова.

Қазіргі кезде Алатау ауданындағы аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетуде еріктілер #Біз біргеміз акциясына белсенді қатысып,  елдегі төтенше жағдай кезінде көмекке мұқтаж отбасыларына барынша көмек көрсетуде.

 5

 

АЛМАТЫ