Аймақтар • 28 Сәуір, 2020

Ақмолалық түлектерге онлайн режиміндегі кәсіби үгіт-насихат жүргізілуде

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәнді мәселенің бірі мамандық таңдау. Жоғары оқу орындары мен колледждер жыл бойы кәсіби үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді. Оқу жылының соңында бұл үрдіс күшейе түсетін. Ал, енді карантин кезінде оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмысы қалай жүзеге асырылуда?  

Ақмолалық түлектерге онлайн  режиміндегі кәсіби үгіт-насихат жүргізілуде

Мектеп түлектерін кәсіби бағдарлау жұмысы онлайн режимінде жүргізілуде. Сонымен қатар, әрбір жоғары оқу орны мен колледждер арнайы сайттар ашып, әлеуметтік желілерде үгіт-насихаттарын үдете түскен. Облыстық білім басқармасының сайтынан да мектеп бітірушілер өздеріне қажет ақпаратты ала алады.

Облыстық білім басқармасының бастамасымен, сондай-ақ, «Менің мамандығым. Ақмола» атты мобильді қосымшасы іске қосылған. Онда өңірдегі барлық жоғары оқу орындары мен колледждердің тізімі, мамандықтардың түрлері көрсетілген. Тіпті, өзінің қай мамандыққа бейімдігін анықтау мақсатында тест те тапсыра алады.

Ақмола өңірінде бүгінде 33 колледж бар. Оқу орындары 94 мамандық бойынша білім береді. Сонымен қатар облыс аумағында 5 жоғары оқу орны бар. Яғни, мектеп бітіруші түлектеріне алысқа бармай-ақ, таңдау жасауларына мүмкіндік мол.