– Бүгін Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев короновирус пандемиясына байланысты жарияланған карантин мерзімін 11 мамырға дейін ұзарту туралы халыққа мәлімдеме жасады. Онда ағымдағы жағдайға баға беріліп, бірқатар міндеттер белгіленді. Мемлекет басшысы халықтың кірісін сақтауға, әлеуметтік және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асырудың барысын баяндап берді. Біз астана маңайында орналасқан аудандарда індетке шалдыққан емделушілерге жіті көңіл бөлуіміз керек. Сонымен қатар, көктемгі егіс жұмыстарын басты назарда ұстауымыз қажет. Осыған орай, техникалық қызмет көрсету стациялары, – дей келіп, өңір басшысы алдағы уақытта атқарылатын іс-шараларға кеңінен тоқталып өтті.
Соңғы мәлімет бойынша қазіргі таңда Ақмола облысында 927 адам медициналық бақылауға алынып, оның 316-сы ауруханаларға жатқызылған. Үй карантинінде 611 адам. Ал, зертханалық тексерістен короновирус індеті расталған 93 адам, оның 31-і аурудан айығып шыққандар.
Отырыс барысында карантин кезеңінің жеңілдетілуіне байланысты бірінші кезекте өнеркәсіп кәсіпорындары, құрылыс, жол құрылысы және көлік компаниялары, банктер және халыққа қызмет көрсету орталықтары мен техникалық қызмет көрсету орталықтары жұмысқа кірісетіні айтылды. Атап айтқанда, өңіріміздегі 55 өнеркәсіптік-индустриялық кәсіпорын мен асфальт-бетон зауыттары өз жұмысын жандандырады. Алайда, барлық санитарлық нормаларды сақтап, жұмыс орындарында үнемі дезинфекция жүргізу мәселесі бақылауда болуы керек екендігі тапсырылды. Қала мен аудан әкімдеріне карантин кезінде аула алаңдарында тәртіпті қатаң бақылауда ұстау керектігі де баса айтылды. Сонымен қатар, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасына Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай қажетті іс-шараларды жүзеге асыру керектігігі тапсырылды.
Отырыс соңында өңірдегі азық-түлік қорын, карантин тәртібін сақтау, көктемгі егіс науқанын ширату мәселелеріне көңіл бөлу керектігі айтылып, тиісті басқарма басшыларына нақты міндеттер жүктелді.