Аймақтар • 28 Сәуір, 2020

Жамбыл облысында коронавирустың тағы екі жаңа жағдайы анықталды

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Жамбыл облысында коронавирус індетін жұқтырудың екі жаңа жағдайы анықталып, өңірде науқас жұқтырғандар саны 108-ге жетті.

Жамбыл облысында коронавирустың тағы екі жаңа жағдайы анықталды

Науқастардың бірі 73 жастағы Тараз қаласының тұрғыны. Ол бұған дейін дерт жұқтырған науқаспен байланыста болғандығы үшін стационарлық карантинге жатқызылған. Ал, екінші науқас Меркі ауданының тұрғыны болып шықты. 22 сәуір күні Ресей Федерациясынан оралған ол Ресейде туыстарымен бірге болған. Ол 27 сәуір күні ентігу, мұрыннан су ағу секілді шағыммен жедел жәрдем шақырған. Коронавирус инфекциясына күдікпен провизорлық стационарға жатқызылып, алынған қан талдаулары оң нәтиже көрсеткен. Бүгінде науқастар инфекциялық стационарға ауыстырылған. Олар  бекітілген алгоритмге сәйкес қажетті ем шараларын алуда.

Жалпы алғанда, 28 сәуір күнгі жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 108 жағдайы тіркеліп отыр. Оның ішінде Тараз қаласында 52, Байзақ ауданында 4, Жамбыл ауданында 4, Кордай ауданында 34, Меркі ауданында 3, Мойынқұм және Шу аудандарында бір-бірден анықталған. Ал, «Дели-Тараз» рейсінде 6 жағдай анықталса, 3 жағдай Атырау облысындағы Теңіз вахталық кентінен оралған жұмысшылардың арасынан анықаталған. Қазіргі кезде індет жұқтырғандардың 43-і емделіп, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.

 

Жамбыл облысы

Соңғы жаңалықтар