Спорт • 28 Сәуір, 2020

Футбол төңірегіндегі сүйкімсіздеу тұлғалар

92 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбританияның FourFourTwo порталы түрлі жанжал мен даулы жағдайларға жиі ұрынып, қадір-қасиеттерін кетірген футболшылардың, осы саланың басшылары мен бапкерлер және төрешілер мен комментаторлардың тізімін жариялады.

Футбол төңірегіндегі сүйкімсіздеу тұлғалар

Жанкүйерлер аса жақтырмайтын сол сүйкімсіз тұлғалардың тізімін ФИФА-ның бұрынғы президенті Зепп Блаттер бастап тұр. 84 жастағы Швейцарияның азаматы 1998-2015 жылдар аралығында айтулы ұйымды басқарды. Бастапқы кездері барлық шаруа ойдағыдай жүзге асырылғанымен, кейіннен оның басы дау-дамауға жиі ілікті. Ақырында жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен Блаттер өз орнынан ығыстырылды.

 

FourFourTwo порталы ұсынған қадір-қасиеті кем «ТОП-30» тұлғаның толық тізімі мынадай:

 

1. Зепп Блаттер
2. Жозе Моуринью
3. Харальд Шумахер
4. Мишель Платини
5. Ричард Киз
6. Криштиану Роналду
7. Лучано Моджи
8. Эль-Хаджи Диуф
9. Пит Винкельман
10. Джон Терри
11. Бернар Тапи
12. Карл Ойстон
13. Диего Марадона
14. Джоуи Бартон
15. Кен Бэйтс
16. Луис Суарес
17. Майк Эшли
18. Диего Коста
19. Эшли Коул
20. Паоло Ди Канио
21. Андони Гойкоэчеа
22. Грэм Саунесс
23. Ричард Скадамор
24. Кевин Мускат
25. Роман Абрамович
26. Деннис Уайз
27. Сильвио Берлускони
28. Джо Киннеар
29. Майк Дин
30. Алекс Фергюсон