kazks.kz кәсіпорындардың белгілі бір бөлігі қажетті сақтық шараларын сақтаған жағдайда жұмыс қызметін қайта бастайтындығын айтады. Атап айтқанда, Tesla электрокараларының алдыңғы қатарлы өндірушісінің қағаздары компания қызметкерлерінің бірқатары жұмысқа шығу туралы хабарлама алғаннан кейін 10 пайызға көтерілген. Келесі аптада тоқсандық есеп бергеннен кейін инвесторларға ірі америкалық технологиялық компаниялардың бірінші тоқсандағы есебін талқылауға тура келеді. Оның қорытындысы индекстердің ары қарайғы бағыт-бағдарын айқындайтын болады. Ал ең ірі деген USO биржалық мұнай инвестициялық қорының мұнай бойынша келісімдерді сақтамауы (-14,8%) мұнай котировкаларының төмендеп кетуіне соқтырып отыр.
Мамыр айындағы келісімнің жағымсыз жаққа қарай бағыт алуы USO инвестициялық портфелін өзгертуге мәжбүрледі. Бұрын USO мұнайдың таяудағы келісім шарттарына басымдық берген болса, қазіргі кезде қор экспирациясы кештеу мерзімдегі мұнай келісімдеріне инвестиция көлемін ұлғайтып отыр. Осыдан үш күн өте Brent 6,8 пайызға, баррелі 20 долларға дейін шөкті.